|
Главная » Архив материалов
|
|
Жамағат production: Ассалауму'алейкум Қазақстанның қазақша рэп сүйер тыңдармандары! Бұл ресми альбом Орал қаласының Данияр Рахметжанов (Диди) атты қазақи бағыттағы битмейкері мен қазақ еліне кеңінен танымал болған Маңғыстау өлкесі, Жаңа Өзен қаласының рэп майталманы Смерч яки Жақау біріккен жаңа арнайы альбомды қалың тыңдармандарға ұсынады! Қазақтың қара домбырасы мен қара қобыз үнін көше ырғағына біріктіре білген бұл альбом кімдерге лайықты десеңіздер, бұл альбом ҚАЗАҒЫМА және әлем қазақтарына ЛАЙЫҚТЫ, сен солардың бірісің деп сенеміз
|
|
Просмотров: 554 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|
|
Айдар Байжанов, Ердос Қанаев, Бағлан Әбдірайымов, Мырзахан Махановпен, яғни «Жігіттер» квартетімен жақында концерттердің бірінде кездесіп, аз-кем әңгімеге тартқанымыз бар-ды. Өнер иелерімен өрбіген сұхбатымызды «Күйтабаққа» ұсынып отырмыз. Танысыңыз… <p> - Соңғы кездері сахнадан көп көрінбеулеріңізді немен түсіндіресіздер? <p> Айдар: - Олай деп айтуға болмас. Сахнаға шықпай, болмаса түсірілімдерге қатыспай қалған күніміз жоқ. Ретіне қарай шақырған концерттердің барлығына да үлгеруге тырысамыз. Қысқасы, квартет жұмысын бұрынғы қарқынмен жалғастырып жатыр. Мүмкін, бұған гастрольдік сапарларымыздың да өзіндік әсері бар болар. Өйткені, кейбір кездері айлап үй көрмей, еліміздің аудан-аймақтарын аралайтынымыз бар. Сол себепті, оңтүстік астанада ұйымдастырылатын кейбір кештерден қалыс қаламыз. Жалпы алғанда, бәрі де баяғыдай, әйтеуір мүмкіндігімізше еңбек етіп жатырмыз ғой. <p> - Дегенмен, бастапқымен салыстырсақ, бүгінгі «Жігіттердің» бәсі сәл төмендеген сияқты… <p> Б
...
Читать дальше »
|
|
Просмотров: 753 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|
|
Әңгімемізді сіздің балалық шағыңызға саяхат жасаудан бастасақ. Оқушы Қарақат қандай болды? - Мен киелі Арқа өңірінің қызымын. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Байғұл ауылында дүниеге келдім. Ата-анам Түлкібай мен Қаламқас - елге сыйлы, қазақы адамдар. Көп балалы отбасында өстім. Отбасымызда тәртіп бірінші орында тұратын. Әсіресе, әкем қаталдау кісі еді. Сол қаталдықтың арқасында жаман болған жоқпыз. Қайта үнемі алға ұмтылып, ата-анамыздың сенімін ақтауға тырыстық. Жалпы, мен бала кезімнен өнерге өте жақын едім. Үйге қонақ келсе, міндетті түрде ән айтамын. Анамның әшекей бұйымдарын тағып, көйлектерін, тіпті аяқ киіміне дейін киіп алып, үйдегілерге кішігірім концерт беретінім есімде. Бір қызығы, жерге газет төсемесе, «концерт беруден» бас тартады екенмін. Мектептегі Қарақат математика мен физика сынды пәндерді онша көп жақтырмайтын. Қазақ тілі мен әдебиеті, музыка пәндерін сүйіп оқитынмын. Ұстаздарым көбіне-көп «әнші қыз» деп жеңілдікпен қарап, аса
...
Читать дальше »
|
|
Просмотров: 981 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|
|
Уәлибек аға, «Ауылына қарап азаматын таны»-демекші өзіңіз қай ауылда дүниеге келдіңіз? -Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының, Шәуілдір елді-мекенінің топырағында дүниеге келгенмін. Бұл елдің жеріне, топырағына сор араласып кеткен. Ештеңе еге де алмайсың. Тіпті, мал жайылатын жер жоқ, мал жайылатындай ол жерден шөп те таппайсың! Ал кішкентай күнімде менің осы сор басқан ауылымды жұрттың бәрі қасиетті жер деп айтатын еді. Сонда «Қыс бойы батпақ кешіп жүрсең, жазы ми қайнататындай ыстық болса, ал күз бен көктем мезгілдерінде Арыстанды Қара Бастың дауылы ұрып тұратын болса, бұл жердің несі қасиетті?» - деп ойлайтын едім. Сөйтсем, кейінірек ес кіріп жан-жақты көргеннен кейін барып, мен өзім туылған мекенімнің қасиетті жер екенін түсіндім. Бұл жердің табиғаты нашар болғанмен де, адамдары қасиетті екен деп ойладым. Өйткені, тура менің ауылымның күн шығысында Отырар деген қала бар. Сол күншығыстан Солтүстік Батысқа қарай, Арыстан Бап әулиенің кесенесі тұрса, мына шетінде Сы
...
Читать дальше »
|
|
Просмотров: 1306 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|
|
- Ресейге барған Қазақстанның Көңілді тапқырлар клубы жүлделі орынға ие болды дегенді естіп, жүрегіміз жарылардай қуандық. Бүкіл ТМД елдерінен келген КТК ойыншыларын жеңу оңайға соқпаған шығар? -Осы жақында, біз Қазақстанның Астана қаласының атынан «Казахи - Астана» тобы болып, Ресейдің Мәскеу қаласындағы КТК-на қатысып қайттық. Топтың құрамында Нұрлан Қоянбаев, Шертім Нұрдәулет, Дастан Қалдыбаев, Айдарқұлов Дәурен, Қабатов Тұрсынбек, Ярослав Милехин, Нұржан Бейсенов, Сильбаева Гүлнар, Досжанов Ақылбек және т.б. мықты-мықты жігіттер болды. Сонымен, жалпы есеппен айтқанда, Мәскеуге 18 адам болып бардық. Бізге Алматының КТК ойыншыларының барлығы жәрдемдесті. Қазақстанның атынан тек біз ғана емес, сонымен қатар Ақтөбе, Ақтау, Орал, Алматы, Астана сияқты қалаларынан біршама топтар барды. Әркім өзін-өзін қорғауға кетті. Ал бірақ, бұл КТК-на бізден басқа бүкіл ТМД елдерінен 560-қа жуық топ жиналды. Сол 560 топтың ішінен ең бірінші деңгейлі топ болып есептелініп, біздің топ Жоғарғы л
...
Читать дальше »
|
|
Просмотров: 735 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|
|
-Қайрат, бүгінде шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар? -Мен үшін осы 2009 жылдың екінші жартыжылдығы өте сәтті болды. Себебі, «О махаббат» деген фильмге түсіп, әншілікпен қатар өзімнің актерлық қабілетімді де сынап көрдім. Бүгінде Сырым екеуіміз тығыз шығармашылық байланыстамыз. «Асылым», «Махаббат» және «Жаңа жыл» атты жаңа әндер жаздырдық. Сонымен қатар, жақында ғана Сырыммен бірге Ташкентке барып, «Аллаһқа шүкір» атты әнімізге бейнебаян түсіріп қайттық. Бұл бейнебаян алдағы уақытта көрермен көңілінен шығады деген ойдамын. Аллаһ қаласа, жаңа жылдан кейін, Ресейге барып ол жақтың өнер адамдарының қалай жұмыс істейтінін бақылап, бір айға жуық сол адамдармен бірге тәжірибе алмасып қайту жоспарымызда бар. -«Жаңа жыл өткен соң, Ресейге барып сол елдің өнерін сырттай бақылап келеміз»- деп айтып жатырсыз. Соған қарағанда, алдағы уақытта өз тыңдармандарыңыз сіздің орындауыңызда орысша әндерді де естіп қалуы мүмкін бе? -Негізінде мен түрік тіліндегі әндерді де о
...
Читать дальше »
|
|
Просмотров: 736 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|
|
Шыны керек, Нұржанды «ұстау» қиынның қиыны екен. Әуелі «Жұлдыздар отбасының» «Тікелей байланыс» айдарына шақырылған ол шығармашылық сапарынан дер кезінде келіп үлгермеді. Сосын оқырмандардың көкейінде жүрген сауалдардың жауабын актердің өзімен жүзбе-жүз сұхбат барысында алармыз деп ұйғардық. Сонда да Нұржанмен жолығудың еш сәті түспей қойды. Бірде Шымкентте, бірде жолда… Ақырында Алматының орталық мешітінде кездестік. Масқара болған түгім жоқ! - Мешітті айналшықтап жүруіңізде бір гәп бар ма екен… - «Қай күнәңізді жуғалы жүрсіз?» демексіз ғой. Өзіңіз де мұсылманның қызысыз. Басқаны білмесеңіз де, мешітке адамның не үшін келетінін білетін шығарсыз?! Шымкенттен келе сала осында бас сұғып, дұға етіп шыққан бетім осы. - Кешіріңіз, онда әңгімені астарламай, тікелей көкейдегі сұрақтан бастайын. Ел «Нұржан істі бопты» деп шулап жүр. Абыройыңыз артып, атыңыз шыққан шағыңыздағы бұл «масқараны» қалай түсінсек болады? - Қайсы масқараны? Менде сіз айтқан
...
Читать дальше »
|
|
Просмотров: 667 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|
|
Мәдина, бір сұхбатыңызда «Маған жігіттерден гөрі қыздар көбірек хат жазып, хабарласады» депсіз. Бұл сұлу болуға ұмтылған арулардың ілтипаты шығар сізге деген. Жалпы сыртқы әдеміліктің құпиясы неде? – Күтінбеймін деп айта алмаймын. Сән салондарына жиі барып, түрлі маскалар мен массаждар жасатып тұрамын. Аса қымбат косметикалық тауарлар қолданбаймын. Сосын әдеміліктің басты құпиясы – дұрыс тамақтана білуде. Дәрумендері мол тағамдар, көкөніс, жеміс-жидектер жесең, бетің де әдемі болып көрінеді. Ағарғанды көп ішкен жөн. Мысалы, мен неге екенін білмеймін, шұбатты көп ішемін. – Бұл енді Қызылорданың қызы болғандығыңыздан шығар. – Мүмкін. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген осы шығар. Меніңше, тамақтану да – табиғатыңа, ұлттық болмысыңа байланысты. Қытайлар үшін бақа-шаян пайдалы болғанымен, біз оны жей алмаймыз ғой. Сондай-ақ, бет-жүзің, денең жұмсақ болып тұру үшін қаймақ жақсаң пайдасы зор, әсіресе, терілері құрғақ қыздарға. Өзім аптасына екі рет бетіме, денеме қайм
...
Читать дальше »
|
|
Просмотров: 1014 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|
|
Адамдарға болсын, ешқашан бір-біріне қас болмау керек, керісінше, бір-біріне адал дос, жолдас, бауыр бола білу қажет. Аллаһ Тағала мынау жарық дүниедегі әр адамның орнын ерекше етіп жаратқан. Адам - адамға қонақ болатын болса, ал адам осынау өмірге келген қонақ. Мысалы, мен өмірде бір көрген адамымды мәңгі бақи көрмей кетуім мүмкін! Тіпті бір көрген адамымды көп болса, он рет немесе, жиырма рет қана көруім мүмкін ғой! Сондықтан да, өмірде, тіршілкте бір-бірімізді сыйлап жүргенге не жетсін?! -Өзіңіздің ішкі ой-түкпіріңізде жатқан, сізді мазалайтын қандай да бір қоғамдық мәселе бар ма? -Әркімді әр түрлі мәселе мазалайды ғой. Қоғам өмірінде бізге қазір не жетпейді? Қазір бізге ақша жетпейді. Бізге жеткен ақша қарапайым халыққа жетпейді. Мысалы, еліміздегі қарапайым халықтың орташа бір айлығы елу мың теңгені құрайды. Осы елу мың теңге ақшаны мен бір отбасына бір айға жететін сома деп ойламаймын. Қарап тұрсақ, біздің дәрігерлердің, театр актерлерінің, жалпы бюджет саласынд
...
Читать дальше »
|
|
Просмотров: 1010 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|
|
ЕРБОЛАТ ҚАНАТҰЛЫ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ: «Өмірде де, өнерде де, мен үшін ата-анамның айтатын бір ауыз сөзінің өзі қастерлі…» -Ерболат, бүгінгі таңда шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар? -Дәл қазіргі уақытта менің шығармашылығымда ешқандай жаңалықтар болып жатқан жоқ. Өздеріңіз теледидардан көріп жүрсіздер, «Екі жұлдыз» жобасына қатысып жүрмін. Ондағы сахнаға дайындап шығаратын нөмірлерімізге сай айтатын әндеріміздің сөздерін жаттау, белгілі бір бейнені сомдау үшін дайындық сияқты жұмыстарға көп уақытым бөлінуде. Отбасым Талдықорғанда тұрады. Өзімнің жұмыс орным да негізінен сол Талдықорғанда. Ол жақта Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияда солист-вокалист болып жұмыс істеймін. Арасында, филармонияға өзіңнің жұмысыңа да үлгеру керексің, осы жақтағы жұмыстарға да, жобаға да қатысып үлгеру керекпін, қазіргі таңда жұмысым осылай қарбаласпен жүріп жаты..-Халық арасында, 2011 жылғы қысқы Азиялық ойындарда сіздің орындауыңыздағы «Мен қазақпын» әні ұран ретінде орындалады
...
Читать дальше »
|
|
Просмотров: 1031 | Дата: 22.05.2012 | Категория:
|
|
|
|